БАЛМҰЗДАҚТА КЕЗДЕСЕТІН ҚОСПАЛАР
Жаз бен балмұздақ - мүлдем ажырамайтын екі ұғым. Жаздың аптап ыстығында шөліңізді басатын балмұздақтың құрамы қаншалықты адал деген сұрақтар түсіп жатады.Негізінде балмұздақтың құрамы тек сүт, кілегей мен қанттан тұрады. Хош иісі мен дәмін күшейту мақсатында әртүрлі қоспалар қосылады. Қоспалар құрамы рұқсат етілген, күмәнді және рұқсат етілмеген болып бөлінеді.
Ең жиі кездесетін қоспалар:
- Желатин - табиғи, зиянды қоспасы жоқ балмұздақтардың құрамында кездесіп жатады. Расымен де, бұл қоспаның еш зияны жоқ. Бірақ шариғи тұрғыдан желатинды қолданбас бұрын, оның адал жолмен өңделгені екенің дәлелдену қажет. Сондықтан құрамында желатин бар затты қолданбау қажет, егер нақты “Халал Даму” тексерісінен өтпесе.
- Кармин - Шариғат бойынша тиым салынған бояғыш. Кошениль деген жәндіктерден жасалатын бұл бояғыштың зияны қазіргі таңда дәрігерлермен дәлелденді. Түсі қызғылт балмұздақтардың түрінде кездеседі.
- Моно және диглицерид май қышқылдары - эмульгатор және стабилизаторлар ретінде қолданылады. КүмәндІ қоспа болып саналады, себебі жануардан (сиыр және доңыз) және өсімдік және жасанды май қышқылдарынан алынуы мүмкін.
- Құрғақ сүт сарысуы (сухая молочная сыворотка) - ірімшік немесе сүзбені ұйытып болған соң, одан артылған сұйықтық. Сиырдың сүтінен қалған сарысуға рұқсат етіледі. Тек ірімшіктен алынған сарысу күмәнді. Себебі, ірімшіктер жануар текті ұлтабарлы (сычужды) ферменттердің қолданылуымен, ұйытылып өндіріледі.
Құйылмалы балмұздақтың құрамында да осы қоспалар болуы мүмкін. Сондықтан құрамы адал, таза өнімдерді тұтынуға кеңес береміз. "Халал Даму" тексерісінен өткен балмұздақтар - “Нәтиже” ЖШС-ның “BalMuzz” сауда белгісі, “Балмұздақ” ЖШС-ның - “Ленгерское” және “Азия Холод” ЖШС-ның өнімдері.