Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

14 ақпан 2025

143

Жаңалықтар

БАТЫСТАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы сертификатталған кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» технологы Нұрбек Қанатұлы мен халалдың жергілікті өкілі Асхат Асылбеков орындады. Аудит барысында қоғамдық тамақтану орындары, кондитерлік өндіріс орындары, шұжық цехтары, ет дүкендері тексерілді.

«Аудиттің басты мақсаты – сертификатталған кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігін бақылау, өндірістік процестердің талаптарға сай орындалуын қамтамасыз ету және тұтынушыларға сапалы, сенімді өнім ұсыну», – дейді жауапты маманымыз.

Тексеру барысында бірқатар кәсіпорындарда халал талаптарының толық сақталғаны анықталды. Дегенмен, кейбір мекемелерде аздаған кемшіліктер тіркеліп, оларға тиісті ескертулер берілді. Атап айтқанда, кейбір нысандарда шикізаттың қадағалануы мен өндіріс аймағындағы тазалық мәселелеріне қатысты қосымша шаралар қабылдау қажеттілігі туындады. Аудит барысында мамандар кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарттары бойынша қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халал стандарты талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу: