«Bi’ Ku’mis» restaurant» полуфабрикат өнімдері сертификатталды
**«Bi’ Ku’mis» restaurant» сауда белгісімен шығарылатын «Asa_Sapa_kz» жеке кәсіпкерлігінің мұздатылған жартылай дайын өнімдері «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.** «Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан «Asa_Sapa_kz» кәсіпорны жұмысымен танысып, «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. «Asa_Sapa_kz» кәсіпорнына тиесілі «Bi’ Ku’mis» restaurant» сауда белгісімен шығарылатын мұздатылған жартылай дайын өнімдер «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды. Жергілікті өкіл Чадаев Маратхан міндетті аудит жұмыстары мен оқу-семинар шараларын жүргізді. «Bi’ Ku’mis» restaurant» өнімдеріне берілген «ҚМДБ халал» сертификаты 29.12.2020-28.12.2021 мерзімі аралығында жарамды. Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Арқат шағын ауданы, 55/2 16 мекен-жайынан халал әрі дәмді жартылайфабрикат «Манты от Жанат» өнімдерін таба аласыздар! ![WhatsApp Image 2021-01-20 at 14.10.41.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/e78/983/600e78983da14448926273.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-01-20 at 14.10.43.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/e78/a4c/600e78a4ca348088276557.jpeg)