Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

10 қазан 2022

196

Жаңалықтар

«Дәмді ет» күркетауық еті өнімдері сертификатталды

«Дәмді ет» сауда белгісімен шығарылатын «Ордабасы-құс» күркетауық еті өнімдері сертификатталды. Түркістан облысынан арнайы келген кәсіпорын өкіліне «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «QMDB HALAL» сертификатын табыстады. Аталған кәсіпорынның 97 түрлі өнімі «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына» сай деп танылды. Сертификаттың жарамдылық мерзімі 06.10.2022-05.10.2022 жылдар аралығы.

«Ордабасы құс» фабрикасы – күркетауық етін өндіруші еліміздегі алпауыт кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын технология, ветеринария және биоқауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарға сай. Өндіріс орны алдыңғы қатарлы өндірушілердің жоғары сапалы техникалық құрылғыларымен жабдықталған. Кәсіпорында қолданылатын жем-азықтың құрамы, қасапшылардың құсты қолмен бауыздауы мен дайын өнімнің де халал талаптарына сай екендігін хабарлаймыз!

Бөлісу: