Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 қараша 2020

46

Жаңалықтар

«Day-day» фаст-фуд өнімдері сертификатталды

**«Day-day» сауда белгісімен суши және пицца фаст-фуд өнімдерін дайындайтын «Hukm» кәсіпорны «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.** Тағам дайындауда қолданылатын дайын өнімдер мен тағамдық қоспалар технолог мамандар тарапынан толықтай тексерілді. Рұқсат етілмеген азық-түліктер мен қоспалар қолданысы тоқтатылды. «Халал Даму» мамандарымен бірлесе жүргізілген жұмыс нәтижелерінен соң, «Day-day» пицца және суши өнімдері «Тамақтану қызметтері», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптары» бойынша сертификатталды. «Hukm» кәсіпорны қызметкерлеріне оқу-семинар шаралары өткізіліп, «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды. «Day-day» фаст-фуд өнімдеріне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 24.11.2020-23.11.2021 Халал, табиғи таза әрі дәмді, тез дайындалатын пицца және сушиден дәм татқыңыз келсе, Нұр-Сұлтан қаласы, Самал ықшам ауданы, 9 үй мекен-жайына келіңіз! ![WhatsApp Image 2020-11-27 at 10.21.34.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/07e/ee4/5fc07eee4accc145185630.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-11-27 at 10.21.34 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/07e/f21/5fc07ef21d42e483033723.jpeg)

Бөлісу: