Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

25 тамыз 2020

159

Жаңалықтар

"Doni LTD" балмұздақтары сертификатталды

***«ҚМДБ халал» стандартына сай балмұздақ өндіруші кәсіпорындар саны тағы да бір мекемен толықты.** Балмұздақ және ірімшік өнімдерін өндіруші «Doni LTD» кәсіпорыны «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды. Шымкент қаласында іс-сапармен жүрген «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен бас технолог Айжан Омарова, жергілікті инспектор-контролер Қазбек Сарыбаев өндіріс орнында аудит жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорын жұмысының халал стандартқа толықтай сай екендігіне көз жеткізді. Өндіріс барысында қолданылатын негізгі шикізат пен тағамдық қоспалар түгелдей зертханалық тексерістен өткізілген. абораториялық тексеріс нәтижесі бойынша шариғатымызда тиым салынған қоспалар жоқ екендігі анықталды. «Doni LTD» балмұздақ және ірімшік өнімдері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Петропавл, Ақтөбе, Ақтау, Тараз, Түркістан, Қызылорда секілді ірі қалалар мен Шалқар, Арыс, Арал, Жаңатас, Шардара, Мақтарал елді-мекендеріне жеткізіледі. «Doni LTD» кәсіпорны «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты» бойынша сертификатталып, «ҚМДБ сертификаты» табысталғанлығын хабарлаймыз!* ⠀ ![WhatsApp Image 2020-09-30 at 17.34.05.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/46d/dc0/5f746ddc0e54b870821262.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-09-30 at 17.34.04 (1).jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/46d/f21/5f746df21f861459426518.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-09-30 at 17.34.05 (1).jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/46d/b55/5f746db55affe429236975.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-09-30 at 17.34.06.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/46d/ca2/5f746dca216d3864076675.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-09-30 at 17.34.03.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/46e/085/5f746e0850dc7488739220.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-09-30 at 17.34.04.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/46e/216/5f746e216bc7a004630201.jpeg)

Бөлісу: