ДОҢЫЗ ТҮГІНЕН ЖАСАЛҒАН ТІС ЩЕТКАСЫН ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙМЫЗ?!
Доңыз түгінен жасалған щеткаларды дайындау барысында ол тазалау, дезинфекциялау, ағарту, қию, өңдеу, жұмсарту секілді бірнеше этапты өңдеу процесінен өтеді. Сондықтан оларды синтетикалық щеткалардан ажырату қиындық туғызып жатады. Сол себепті, доңыз түгінен жасалған тіс щеткасын анықтау үшін келесі ерекшеліктерге назар аударыңыз:
1. Материалдық сипаттама
Қаптамада «natural bristles» (табиғи қылшық) немесе «boar bristles» (доңыз түгі/натуральный свиной ворс) деген жазулар болса, бұл доңыз түгінен жасалғанын білдіруі мүмкін. Табиғи қылшық деп аталғанымен, ол доңыз түгі болуы ықтимал.
2. Түсі мен құрылымы
Табиғи қылшықтар, әсіресе доңыз түгі, көбінесе сарғыш немесе ақшыл түсті болып келеді. Олардың құрылымы біркелкі емес және ұштары екіге бөлінген.
3. Иіс
Доңыз түгінен жасалған қылшықта табиғи жануар иісі болады, әсіресе щетканы сулағанда иіс шығуы мүмкін. Синтетикалық щеткаларда мұндай иіс болмайды.
4. Бағасы
Доңыз түгінен жасалған табиғи щеткалар әдетте синтетикалық щеткаларға қарағанда қымбат болады.
5. Сатушыдан немесе өндірушіден сұрау
Егер нақты сенімді болмасаңыз, сатушыдан немесе өндірушіден сұрап, ақпарат алуға болады. Осындай ерекшеліктерге назар аудара отырып, тіс щеткасын алуға кеңес береміз.