
ЕЛОРДАДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Елорда аумағында орналасқан "ҚМДБ халал" стандарты бойынша сертификатталған "Mado", "Divan", "Tagam plus" және "Unaidy" кондитерлігінде кезекті бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. "Халал Дамудың" технологтары Айжан Омарова, Сапорова Жанар, Сатаева Айзат және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жауапты бақылау-қадағалаушы маман Қадыр Дулат жүргізген тексеріс барысында қоғамдық тамақтану орындарында "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартының" сақталуы қадағалады. Бақылау-қадағалау барысында бекітілген стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Тексеріс нәтижиесі оң. Ескертетін жәйт, "Unaidy" ресторанының тек қана кондитерлік өнімдері "ҚМДБ халал" стандарты бойынша сертификатталған болатын. Асханасы "Халал Дамудың" бақылауында емес.     