Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

14 қараша 2020

49

Жаңалықтар

«ETBASY» және «NEO SAUMAL» өнімдері сертификатталды

**Алматы қаласында орналасқан «ETBASY» сауда белгісімен шығарылатын ет өнімдері мен «BB PARTNERS» кәсіпорнының «NEO SAUMAL» сауда белгісімен шығарылатын емдеу-профилактикалық өнімдері «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.** Жергілікті инспектор-контролер Маратхан Чадаев өндіріс аймағында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, лабораториялық тексеріс нәтижелерінен кейін жоғарыда аталған екі кәсіпорын басшылығына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. «ETBASY» ет өнімдері «Мал бауыздау және ет өңдеу» стандарты бойынша, ал «BB PARTNERS» кәсіпорнының профилактикалық өнімдері «Халал өнімждерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификатталды. «ETBASY» ет өнімдері Төле Би көшесі, 285/5 үйде, «BB PARTNERS» компаниясы Байтұрсынов көшесі, 27/1 мекен-жайында орналасқан. Екі кәсіпорынға берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі бірдей: 18.10.2020-19.10.2021 ![WhatsApp Image 2020-11-05 at 11.46.11.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fa/fe5/c28/5fafe5c287687551089018.jpeg)

Бөлісу: