Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

19 тамыз 2020

34

Жаңалықтар

"Fish house" балық өнімдері сертификатталды

***«Fish house» кәсіпорнына "ҚМДБ халал" сертификаты табысталды.** Алматы қаласында орналасқан балық өнімдері мен ірі қара мал етін өндіру, өңдеу, сатумен айналысатын "Fish house" кәсіпорны сертификаттаудан өтуге ұсыныс білдірген болатын. Жергілікті инспектор-контролер Маратхан Чадаев кәсіпорында міндетті бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізді. Тексеріс барысында кәсіпорын жұмысының халал стандарт талаптарына сай болуы басты назарға алынды. Технолог мамандар мен шариғи кеңесшілер, инспектор-контролерлердің жұмыс қорытындысы бойынша «Мясо комбинат #1» және «Fish house» сауда белгілері бойынша өнім өндіруші «Fish house» кәсіпорны «ҚМДБ халал» сертификатына лайық деп танылды.*

Бөлісу: