Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 тамыз 2020

57

Жаңалықтар

"Гәкку" құс өнімдеріне аудит жүргізілді

***ҚМДБ-ның «Халал Даму» ЖШС комиссия мүшелері Жамбыл облысындағы «Әулие ата құс» фабрикасында кезекті бақылау-қадағалау жұмысын жүргізді.** Тексеріске ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Айбек Асқарбекұлы, сарапшы-технолог Арайгүл Бақытқызы, бас технолог Айжан Омарова қатысты. Құс фабрикаларын сертификаттауда қатаң талаптар қоятын «ҚМДБ Халал» мамандары, бекітілген талаптардың сақталуы мен орындалуын, жүзеге асуын қадағалады. Бақылау барысында құс азығының рұқсат етілген, таза болуы, сулы ванна температурасының стандартқа сәйкес келуі, құсты тек «Бисмиллаһ» айтып, қолмен бауыздау, бауыздағаннан кейін стандарт талаптарына сай бекітілген қан ағызу ұзақтығын сақтау, құс өнімдерін тазалау, бөлшектеу барысында санитарлық тазалықты да назардан тыс қалмады. Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптарының орындалуы толықтай тексерілді. Тексеріс нәтижесі бойынша "Гәкку" құс өнімдері "ҚМДБ халал" стандарты талаптарына толықтай сай.* ![WhatsApp Image 2020-10-01 at 09.27.12 (1).jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/56c/d4e/5f756cd4e3628000035161.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-01 at 09.27.12.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/56d/10e/5f756d10e6f34846461495.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-01 at 09.27.11.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/56d/65c/5f756d65c5774548875819.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-01 at 09.27.11 (1).jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/56d/78c/5f756d78c2f24135423845.jpeg)

Бөлісу: