Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 мамыр 2024

354

Жаңалықтар

«GALANZ BOTTLERS» СЕРТИФИКАТЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Еліміздегі алкогольсіз сусындар өндірісі бойынша ірі кәсіпорындардың бірі – «Galanz Bottlers» халал сертификатын жаңартты.

«Galanz Bottlers» – «Maxi чай», «Daily fresh», «Garden», «Sevens» т.б сауда белгілерімен танылған сусын түрлерін шығарады. Іргетасын сонау 1998 жылы қалаған кәсіпорын бірнеше жыл қатарынан «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай өнім өндіріп келеді. Биыл да «Халал Даму» тарапынан кезекті аудит жүргізіліп, дайын өнімдері лабораториялық сынақтан өткізілді. Кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарты жөнінде оқу-семинар өткізіліп, өндіріс барысындағы халал талаптары түсіндірілді», – деп хабарлайды өкіліміз.

«Galanz Bottlers» сусын өнімдеріне берілген «QMDB Halal» сертификаты 11.04.2024-10.04.2025 жж мерзімі аралығында жарамды.

Бөлісу: