Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

09 қараша 2020

77

Жаңалықтар

Глютенсіз халал десерттер

**Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Тrifle» сауда белгісімен шығарылатын кондитерлік өнімдер «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.** «СафаМаруа» кәсіпорнына тиесілі «Тrifle» глютенсіз десерттері «Тамақтандыру қызметтері» және «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты» бойынша сертификатталды. Технолог мамандар «СафаМаруа» кәсіпорнының өндіріс орнында аудит жұмыстарын жүргізіп, шикізат көздері мен тағамдық қоспалары лабораториялық тексерістен өткізілді. Өндіріс барысында қолданатын барлық өнімдері халал, «ҚМДБ халал» талаптарына толықтай сай екендігін хабарлаймыз. «Тrifle» кондитерлік өнімдеріне берілген «ҚМДБ халал» сертификатының жарамдылық мерзімі: 9.11.2020-8.11.2021 «Тrifle» десерттерін алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы, Ш.Қалдаяқов көшесі, 4 мекен-жайына келіңіздер, дәмді де сәнді, тәтті бәліштер сіздерді күтеді. ![WhatsApp Image 2020-11-09 at 17.03.37 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fa/94d/46d/5fa94d46d70e6337450245.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-11-09 at 17.03.38 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fa/94d/4c6/5fa94d4c65f5b449880205.jpeg)

Бөлісу: