Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 қараша 2020

64

Жаңалықтар

"Халал даму" халықаралық конференцияда

**Кеше, 4 қараша Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) ұйымдастыруымен "Қауіпсіз және халал тағамға апаратын жол" атты халықаралық онлайн-конференциясы өтті.** Конференцияға Ғылым мен технология саласындағы Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысының көмекшісі Асқар Мусин, Ислам елдерінің метрология және стандарттау институтының (SMIIC) бас хатшысы Ихсан Овут, (ИЫҰ)Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры Ерлан Байдаулет, модератор Руслан Бектұрғанов және Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Малайзиялық спикерлер мен Қазақстаннан "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы қатысты. Онлайн кездесуде қауіпсіз және халал тамақ өнімдерін өндіруге қажетті инвестицияларды ұлғайтуды мәселесі көтерілді. Сондай-ақ ИЫҰ-ға мүше елдердің жаһандық нарықтағы орны мен артықшылықтарына назар аударылды. Қазіргі уақытта бұл нарықтың көп бөлігі үшінші елдерге тиесілі болып отыр. АҚИҰ жоғары агропотенциалы бар ИЫҰ елдеріне тамақ өнеркәсібін дамыту және ИЫҰ ішіндегі тамақ өнімдерін жеткізу мүмкіндіктерін арттыру қажеттігін жеткізді. ҚМДБ жанындағы "Халал Даму" директоры Айбек Аташев онлайн конференцияда Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігі және халал өндірісін дамыту мәселесі жөнінде баяндады. ![WhatsApp Image 2020-11-05 at 21.39.54.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fa/41d/955/5fa41d955e883757276929.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-11-05 at 21.39.48.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fa/41d/a58/5fa41da587d70101565376.jpeg)

Бөлісу: