
«Халал Даму» мамандары біліктілігін арттырды
**«Халал Дамудың» мамандары Айжан Омарова, Арайгүл Бақытқызы, Данияр Сафиев Интеграция және сауда-саттық министрлігі мен Метрология және техникалық реттеу комитеті, Ұлттық аккредиттеу орталығы ұйымдастырған «Өнімдерді, процесстерді, қызметтерді сертификаттаушы органдарға қойылатын талаптарды сәйкестендіру» онлайн оқу-семинарына қатысып біліктілігін арттырды.** ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 Өнімдерді, процестерді және қызметтерді сертификаттаудың мақсаты – барлық мүдделі тараптарға өнімдердің, процестердің және қызметтердің белгіленген талаптарға сай екендігіне сенімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Семинар барысында ішкі және сыртқы аудитті жоспарлау мен жүргізу ерекшеліктері, сондай-ақ анықталған сәйкессіздіктерді тіркеуге және аудит нәтижелері туралы есепті дайындауға байланысты мәселелер туралы мағлұмат берілді. Сертификаттау органдарында аудит жүргізуге қатысты жаңартылған теориялық білім мен тереңдетілген практикалық дағдылар ұсынылып, ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 стандартының талаптары мен ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Семинарға қатысқан мамандарға біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттар тапсырылды.   