
"Халал Даму" мамандары "Нәрлен" шұжық цехында
***«Нәрлен» сауда белгісімен танылған «Қарқын-2030» кәсіпорнының шұжықтары тексерілді.** Шымкент қаласында іссапармен жүрген «Халал Даму» мамандары «Қарқын-2030» шұжық цехына барып, өндіріс барысын қадағалады. Кәсіпорынның шұжық дайындауда қолданатын шикізат өнімдері, тағамдық қоспалары, санитарлық тазалығы, өнім өндіру, өңдеу сақтау процесстерінің барлық кезеңдерінде стандарт талаптары толықтай сақталған. Шариғат және халал стандарт талаптарын бұзушылық жағдайлары анықталмады.*   