Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

04 маусым 2021

48

Жаңалықтар

"ХАЛАЛ ДАМУ" МАМАНДАРЫ ШЫМКЕНТТЕ

Кезекті ревизорлық бақылау-қадағалау шаралары Шымкент қаласында жалғасуда. "Халал Даму" мамандарының  оңтүстік өңірге бағытталған іссапары барысында "Сайрам-сүт" сүт фабрикасы, "OTAU" мұздатылған жартылай фабрикаттар өндірісі, "Тажиметов Раимкул" кондитерлік кәсіпорны және "Халал Қассаб" қасапханасы тексерілді. Тексеріс шараларын "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы және технолог, ветеринарлық санитраия ісінің маманы Данияр Сафиевпен жергілікті инспектор-контролер Сарыбаев Қазыбек орындады.  

"Шымкент — Қазақстанның республикалық маңызы бар, ірі өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталық. Өңірде өндіріс көлемі ұлғайған сайын, халал кәсіпорындар санын да арттыру қажет. Бұл – бүгінгі күннің сұранысы, талғамы биік тұтынушылардың талабы. Қазіргі таңда, "QMDB halal" стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындар саны бойынша оңтүстік өңір алдыңғы қатарда. Біздің мақсатымыз – тек сертификаттап қана қоймай, сертификатталған кәсіпорындар өндірісін, қызметін, өнімін бақылауда ұстау. Сондықтан, алдағы бірнеше күнде Түркістан облысы, Шымкент қалаларында аудит шараларын жүргізетін боламыз", – деді Айбек Асқарбекұлы.

Жоғарыда аталған кәсіпорындарда бақылау-қадағалау шараларын орындаған Данияр Сафиевтың мәлімдеуінше, тексерістен өткен өндіріс орындарында стандарт және шариғат талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. "Сайрам-сүт", "OTAU", "Тажиметов Раимкул", "Халал Қассаб" кәсіпорындары бекітілген талаптарға толықтай сай екендігін хабарлады.


 

Бөлісу: