Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

03 қараша 2020

59

Жаңалықтар

«Халал Дамудың» онлайн жиыны

**Бүгін, «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымы мен облыстық жергілікті инспектор-контролердың кезекті онлайн жиналысы өтті.** Жиынға Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Уәжитұлы, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы және технолог мамандар мен облыстық өкілдер қатысты. Б.Уәжитұлы *«Халал – діни басқарманың ерекше көңіл бөлетін, маңызды бағыттарының бірі. Халал стандарттау және сертификаттаумен айналысатын Малайзия, Индонезия, Филиппин, Таиланд секілді елдердің сертификаттаушы органдарымен деңгейлес болуға ұмтылуымыз қажет»*, - деп «Халал Дамуға» артылған міндеттің салмақты әрі жүгі ауыр екенін еске салды. Басқосуда «Халал Дамудың» жұмыс барысы талқыланып, өңірлік өкілдердің есептері мен жыл басынан бері жүргізген шараларына шолу жасалынды. Алдағы уақытта атқарылатын шаралар жоспары таныстырылды. Айбек Асқарбекұлы: *«Халық игілігі үшін, асыл дініміздің жолында атқарып жатқан еңбектеріңізге Алла разы болсын! Отандық халал индустриясының дамуы сіз бен біз секілді дін жанашырларының ерең еңбегін талап етеді. Осы уақытқа дейін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде 400-дей компания «ҚМДБ халал» стандарты бойынша жұмыс жасап келеді. Біз үшін сан емес – сапа, сертификатталған кәсіпорындар жұмысының ай сайын тұрақты қадағалануы, лабораториялық тексерістің жүргізілуі, сенім артқан халықтың аманатын өз деңгейінде орындау – маңызды. Дегенмен де, күнделікті тұтынатын өнім түрелерін арттыру, алыс-жақын өңірлердегі «ҚМДБ халал» азық-түлік тапшылығын шешу мақсатында, әлі де болса біраз тер төгуімізге тура келеді. Сонымен қатар, елбасының «Жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша отандық ет өнімдерін Парсы шығанағы елдеріне экспорттап, ауылшаруашылық саласын дамыту мақсатында, БАӘ-ң ESMA ұйымынан аккредиттеуден өту тапсырмасын жүйелендіруіміз қажет»*, – дей келе күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, облыстық өкілдер мен мамандар талқылауына ұсынды. Өз кезегінде сөз алған өңірлік инспектор-контролер мамандар, өңірлердегі халалдың хал-ахуалымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Мамандардың білімін жетілдіру, ақпараттық үгіт-насихат шараларын арттыру, «ҚМДБ халал» кәсіпорындар көлемін ұлғайту, қасапхана мен қасапшылар жұмысын біріздендіру, «ҚМДБ халал» логотипін заңсыз пайдаланушыларға қатысты құқық қорғау жұмыстарын қаталдандыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, «Халал Даму» www.halaldamu.kz сайтының жаңартылған жаңа форматы таныстырылды. ![WhatsApp Image 2020-11-03 at 19.44.31.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fa/175/562/5fa175562324e318539307.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-11-03 at 19.44.30.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fa/175/57e/5fa17557e04cf653655832.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-11-03 at 19.44.29.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fa/175/5aa/5fa1755aab626104394982.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-11-03 at 19.44.32.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fa/17d/bda/5fa17dbda76f1129431605.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-11-03 at 19.44.33.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fa/17d/d35/5fa17dd354464606923560.jpeg)

Бөлісу: