"Халал Даму" Сауда және интеграция министрлігінде
**Елбасының «Жол картасы» бағдарламасы аясында бекітілген жобаларды жүзеге асыру мақсатында Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті, Ұлттық аккредиттеу орталығы және «Халал Даму» мамандарының кезекті отырысы өтті.** Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Әбенов Арман Дәулетұлының төрағалығымен өткен жиынға "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы, ҰАО директорының орынбасары Ернар Асқарұлы және "Халал Даму" маманы Жанар Сапорова қатысты. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті мемлекеттік мекемесі – реттеуіш, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ техникалық реттеу және метрология саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Министрліктің ведомствосы. Кездесу барысында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасымен бірлескен ауқымды жобаларды жүзеге асыруы, халал өнімдерді сертификаттау органдарын аккредитациялау, сарапшыларды оқыту, мамандарды даярлау, бірыңғай ұлттық халал жүйесін қалыптастыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, Ұлттық аккредиттеу орталығы мен «Халал Даму» мамандары халықаралық ESMA (Біріккен Араб Әмірліктерінің метрология және стандарттау басқармасы) ұйымынан аккредиттеуден өтуге қатысты шаралар мен қажетті құжаттарды ретке келтіруді, сондай-ақ «халал» индустриясын одан әрі дамыту мәселесінде бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты. Кездесу соңында, Айбек Асқарбекұлы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Дәулетұлына елбасы жобасын жүзеге асыруда тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқарып, қолдау көрсеткеніне алғысын білдіріп, сыйластықтың құрметі ретінде арнайы сыйлығын табыстады. Бірлескен жобалар алдағы уақытта жемісті нәтижиелерін беретіндігіне сенімі мол екендігін жеткізді. Жиын қорытындысы бойынша,халық сенімін ақтау, тұтынушыларға ұсынылатын адал азықты сенімді бір ұйым арқылы сертификаттауды жүйелендіру мақсатында Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне қарасты ҰАО-нан "Халал Даму" ұйымын осы жылдан қалдырмай аккредиттеуден өткізуді жеделдету жөнінде шешімге келді. ![WhatsApp Image 2021-03-26 at 16.17.31.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/605/dc6/0ad/605dc60addb20081519041.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-26 at 16.17.30.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/605/dc6/184/605dc6184d892300494750.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-26 at 16.15.54.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/605/dc6/244/605dc6244bb57758611861.jpeg)