ХАЛАЛ ӨНДІРІСТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАР
Халал тағам – ислам шариғатының талаптарына сай, адам денсаулығына да, рухани тазалыққа да зиян келтірмейтін өнім. Халал стандарты тек қана рұқсат етілген өнімдерді қолдануды емес, сонымен қатар тыйым салынған заттардан толықтай сақтануды талап етеді. Бұл талаптар Құран аяттарына, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) хадистеріне және қазіргі заманғы ғылыми зерттеулерге негізделген.
Халал стандарты бойынша төмендегі өнімдер мен компоненттерді тағам өндірісінде қолдануға қатаң түрде тыйым салынады:
- Шошқа еті және одан алынатын барлық өнімдер;
- Қан және қан өнімдері;
- Өлекселер – шариғатқа сай сойылмай өлген жануарлар;
- Табиғи өліммен өлген немесе электр тогы, найзағай соғу, тұншығу, улану, соққы, құлау және басқа да себептермен өлген жануарлар;
- Жыртқыш жануарлардың еті (қасқыр, арыстан және т.б.) және жыртқыш құстардың еті (қаршыға, сұңқар, бүркіт);
- Есек, ит және қашыр еттері;
- Ішкі секреция бездері, өт қабы, қуық;
- Жануарлардың жыныс мүшелері;
- Халал өнімдер, егер олар тыйым салынған өнімдермен жанасқан болса, толық тазартылып, жуылмайынша немесе жанасқан бөлігі алынып тасталмайынша;
- Қосымша шикізаттар мен материалдар (тағамдық қоспалар, дәмдеуіштер, желатин, қоюландырғыштар және т.б.), егер олар тыйым салынған жануарлардан немесе олардың компоненттерінен алынған болса.
Халал стандарты – адам денсаулығын, рухани тазалықты және тағам қауіпсіздігін қорғауға бағытталған кешенді жүйе. Өндіріс процесінде тыйым салынған өнімдер мен компоненттерден толықтай бас тарту – нағыз халал өнімнің басты шарты. Сондықтан халал талаптарын сақтау тек діни міндет қана емес, қоғам алдындағы жауапкершілік