Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

04 қараша 2020

1436

Жаңалықтар

HALALDAMU.KZ САЙТЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ (ФОТО)

***ҚМДБ-ға қарасты халал өнімдерін стандарттау және сертификаттау бағытында жұмыс істейтін «Халал Дамудың» www.halaldamu.kz сайты жаңа форматта, жаңа үлгіде, жаңа мүмкіндіктермен іске қосылып, жеңілдетілген, замануи, мобильді сайт өз жұмысын бастады*.**** Сайт дайындау барысында Түркия, Малайзия, Тайланд, Филиппин, БАӘ, Ресей секілді шет елдік аккредиттеу және сертификаттау бағытында жұмыс жасайтын алдыңғы алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибелері негізге алынды. Сайттың негізгі функциясы – қолданушыларға барынша жеңілдетілген, форматты сақтай отырып, ұсыну. Сертификатталған кәсіпорындарды тұтынушыларға таныстырып отыру мақсатында ең негізгі бетке «ҚМДБ халал» стандарты бойынша жұмыс жасайтын 400-ден астам компания орналастырылып, өндіріс аймағы, логотипі, сертификаты, жарамдылық мерзімі, байланыс нөмері, «Халал Даму» тарапынан бекітілген бақылаушы мен технологтарға дейін көрсетілді. Кәсіпорындар *«Сертификатталған», «Мерзімі аяқталған», «Жұмысы тоқтатылған»* деп негізгі үш категорияға бөлінді. Алдағы уақытта қолданушылар «Халал Дамудың» бақылауынан шығарылған, сертификат жаңартпаған кәсіпорындарды бірден анықтап отыратын болады. Сертификаттталған компаниялар өндірісі бойынша 24 категорияға *(Шұжық өндірісі,Құс фабрикасы, Тамақтану орындары, Тағам қоспалары, Кондитерлік өнімдері, Ұн өндірісі, Жарма өнімдері, Бал өндірісі, Қасапхана, Жартылай фабрикаттар, Фаст-фуд өнімдері, Сусын, Ашытқы (дрожжи) өнімдері, Кофе және шәй өндірісі,Тері өндірісі, Ет дүкені, Сүт өнімдері, Май өндірісі, Балмұздақ өндірісі, Консервіленген өнімдері, Профилактика, Косметика, Снэк (чипсы, кириешки т.б) өндірісі, Комбикорм)* және өндіріс аймағы бойынша 24 өңірге бөлінді. «Е тағамдық қоспалар» – *«Рұқсат етілген», «Күмәнді», «Тыйым салынған»* деп негізгі үш категория бойынша жіктелді. Әр өңірдегі «ҚМДБ халал» куәлігіне ие қасапшылар да түгелдей енгізілді. Басты ерекшелгі – әр өңірдегі сертификатталған кәсіпорындар мекен-жайы бойынша интерактивті картаға енгізілді. Бұл өз кезегінде өңірдегі «ҚМДБ халал» компаниялар санының көрсеткішін бақылауға мүмкіндік берді. Және де қолданушылар үшін іздеу батырмасы іске қосылды. Сауда орнына барған әрбір тұтынушы өнімнің сауда белгісін, өндіруші атауын, Е тағамдық қоспаларды теру арқылы жылдам анықтай алатын болады. Егер тұтынушылар сайт базасында тіркелмеген, заңсыз пайдаланушыны анықтаған жағдайда, «Халал Даму» мамандарына жедел хабарлау үшін*«Заңсыз пайдаланушыларды хабарлау» батырмасы, whatsapp, instagram, facebook, telegram* әлеуметтік желілері де бекітілді. Сонымен қатар, «ҚМДБ халал» сертификатын алғысы келген компанияларға өтініші мен құжаттарын онлайн тапсыру мүмкіндігі де ескерілді. Халал индустриясы, халал саласындағы соңғы ақпараттардан хабардар ету мақсатында жаңалықтар, мақалалар, пәтуалар, медиа бөлімдері де қарастырылып, Бас мүфти блогы, «Халал Даму» қызметкерлері, өңірлік бақылаушы өкілдер туралы ақпарат та енгізілген. Сайт жұмысы одан әрі жетілдіріліп, өз жұмысын жалғастырады. ![Снимок.JPG](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fa/246/887/5fa246887e042130795594.jpg) ![Снимок5.JPG](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fa/246/91b/5fa24691bf663450948553.jpg) ![Снимок3.JPG](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fa/246/9cf/5fa2469cf0722424122886.jpg) ![Снимок4.JPG](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fa/246/a10/5fa246a10480b080883864.jpg) ![Снимок6.JPG](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fa/246/b9e/5fa246b9ed991376270356.jpg) ![Снимок2.JPG](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fa/246/cf2/5fa246cf2375a305587467.jpg)

Бөлісу: