«Has et» ет дүкеніне халал сертификаты табысталды
**Теміртау қаласының халқына өзінің өнімдерімен танымал «Has et» ет дүкені «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша халал сертификатын алды.** Теміртау орталық мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлы дүкен басшылығына халал сертификатын табыстап, халал өнім өндіруге ниеттенгені үшін алғыс білдіре отырып: «Халал сертификатына ие болу – шариғаттың жоғары талаптарын сақтай отырып, өндірістеріңізді жетілдіргендеріңізді білдіреді. Жаратушы Алла қадамдарыңызды қабыл алып, сауаптан жазсын. Алла кәсіптеріңізге береке берсін», деп айтты. ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-нің Қарағанды облысындағы өкілдері алдағы уақытта бұл өнімдердің халал стандарттарына сай қызмет етуін қадағалайтын болады. ![5ffd3dc712485534995023.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/602/a08/ec4/602a08ec45498265827946.jpg) ihsan.kz