Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

26 қаңтар 2021

45

Жаңалықтар

«Имран» ЖК Gastro lavka «Latte» дәмханасы сертификатталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» ЖШС –нің Қарағанды облысы бойынша өкілдігі «Имран» ЖК Gastro lavka «Latte» дәмханасын «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификаттады. Арнайы тексеріс жұмыстарын ҚМДБ-ның өңірлік жауапты өкіл Ысқақ Абдрахманов жүргізіп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспалар лабораториялық зертханаға жіберілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық процесс тексерілді. Нәтижесінде «Имран» ЖК Gastro lavka «Latte» дәмханасына арнайы сертификатты облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы табыстап, алдағы адал еңбектеріне сәттілік пен табыс тіледі. ![WhatsApp Image 2021-01-26 at 11.48.52 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/fad/8ef/600fad8ef0c8f979729019.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-01-26 at 11.48.52.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/fad/a50/600fada50b4da102540257.jpeg) ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Бөлісу: