Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

15 желтоқсан 2025

60

Мақалалар

ИТТІҢ ЖҮНІНЕН ЖАСАЛҒАН КИІМДІ КИЮГЕ БОЛА МА?!

Шариғатта иттің жүні таза. Сондықтан да, одан тоқылған киімді киюге де, оны киіп намаз оқуына да болады. Сондай-ақ, қасқыр, аю, түлкі сияқты жыртқыш хайуандардың жүні де таза саналады, тіпті арам өлген малдың жүнін қырқып алып керегіне жаратуға болады. Бірақ доңыздардың өздері арам болғаны сияқты, жүндері де арам, нәжіс үкімінде, оларды қолдануға болмайды. 

Иттің терісі болса, екі жолмен тазарады: Біріншісі - илеу арқылы (тұз сеуіп, топырақ сеуіп күнге кептірілген кейін, иістенбейтінде және бұзылмайтын күйге енсе, ол да таза). Екіншісі - шариғат талабына сай бауыздау арқылы. Итті малды бауыздағандай шариғат талабына сай бауыздап, бойындағы қанын ағызып тастаған жағдайда терісі де таза үкімін алады. Қасқыр, түлкі, аю сияқты жыртқыш хайуандардың да терісі осы жолдардың бірімен тазарады.

Бөлісу: