Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

19 қыркүйек 2024

40

Жаңалықтар

IV-ШІ «HALAL EXPO 2024» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

20-21 қыркүйек күндері Тараз қаласында IV халықаралық «HALAL EXPO 2024» халал өнімдер көрмесі өтеді. Осыған орай, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы бастаған діни басқарма қызметкерлері көрме аумағында қызу дайындық жұмыстарын жүргізіп, іс-шараның өту барысын қадағаланды.

«Дәстүрлі түрде өткізілетін халықаралық халал өнімдер көрмесіне әлемдік және отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар, өндіріс саласының үздіктері мен мемлекеттік ұйымдар, сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысады. Көрме барысында халықтың көзайымына айналған «Үздік кәсіпорындар» марапатталады. Сонымен қатар, көрмеген келушілер «QMDB Halal» таңбасымен шығарылатын отандық және шет елдік халал өнімдердің түрлерін қолжетімді бағада алуға мүмкіндіктері бар», – деген Айбек Асқарбекұлы ертеңгі өтетін көрмеге сақадай сай екендерін жетізді.

Көрменің өтетін орны: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 18/6. Көрме залы. Уақыты: сағат 10:00-18:00 аралығы.  Кіру тегін.


Бөлісу: