Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 шілде 2021

144

Жаңалықтар

"KAZ FRESH MEAT" ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Алматы қаласында орналасқан "Kaz Fresh meat" шұжық цехы тексерілді. Кезекті ревизорлық бақылау-қадағалау жұмыстарын "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті инспектор-контролер Чадаев Маратхан орындады.

"Kaz Fresh meat" шұжық өнімдері – кәсіпорынның қасапханасында шариғатқа бауыздалып,  өңдеуден өткізілген адал әрі таза, сапалы мал етінен дайындалады. Тағамдық қоспалары мен өзге де шикізат көздері технолог мамандар тарапынан тексеріліп және зертханалық сынақтан өткізілген. Бүгінгі бақылау-қадағалау барысында "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартының" сақталуы және өнімдердің бекітілген талаптарға сай өндірілуі қадағаланды. Басшылықтың тікелей қатысуымен жүргізілген тексеріс барысында стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады. Өнім өндірудің барлық кезеңі шариғат және халал стандарты талаптарына толықтай сай", – деп мәлімдеді Айбек Асқарбекұлы.

Адал әрі сапалы "Kaz Fresh meat"  сауда белгісімен шығарылатын ет және шұжық өнімдерін еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі ірілі-ұсақты сауда орындарынан таба аласыздар!

Бөлісу: