Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

30 маусым 2022

123

Жаңалықтар

 "KazBeef Processing" қасапханасы сертификат жаңартты

Ақмола облысындағы "KazBeef Processing" қасапханасы сертификат жаңартты. "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлының бастамасымен қасапхана аумағында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, тексерістің оң нәтижесінен кейін "Kaz Beef Processing" қасапханасына "QMDB Halal" сертификаты табыс етілді. Сертификатты "Халал Даму" технологы, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев табыстады.

Қасапхананы сертификаттаудан өткізген маман Данияр Сафиев: "Тағам өндірісінің дамуы, халықтың әл ауқатының жақсаруы – нарықтағы ет үлесін арттыра түсті. Өндірісте ғылым мен технологияның үдемелі өзгерісі – түрлі ет өңдеу және өндіру кәсіпорындарын ашуға мүмкіндік туғызды. Нәтижесінде тұтынушылардың сұраныстарын толық және жан-жақты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін түрлі қасапханалар мен ет  өңдеу орындарының қызметі іске қосылды. Бүгінгі, сертификат жаңартқан "Kaz Beef Processing" қасапханасы – Ақмола облында қаласындағы ірі ет өңдеу және мал сою орындарының бірі. Қасапхана сертификатын жаңарту барысында толықтай бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, тексерілді. Нәтижесінде, кәсіпорын "QMDB Halal" стандартына сай деп танылды", – деп мәлімдеді.

Бөлісу: