Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

10 қыркүйек 2020

216

Жаңалықтар

"Көкше құс" құс фабрикасы тексерілді

**«ҚМДБ халал» сертификатына ие болған кәсіпорындарды бақылау-қадағалау мақсатында басталған аудит жұмысы Ақмола облысында өз жалғасын табуда.** **«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, жергілікті инспектор-контролер Науан Муталов және технолог мамандар Данияр Сафиев, Арайгүл Бақытқызының қатысуымен «Көкше құс» құс фабрикасы тексерілді. Білікті мамандардың қатысуымен өткен бақылау-қадағалау барысында құс азығының шариғатқа сай таза болуы, қасапшылардың құсты қолмен бауыздауы, конвейрде айналу ұзақтығы, сулы ванна температуарсы (ошпарка), салқындатқышта сақтау мерзімі секілді барлық процесстің ҚМДБ халал стандарт талаптарына сәйкестігі қадағаланды. Халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптарын бұзушылық жағдайлары тіркелмеді. Санитарлық тазалық мәселесі де жоғары деңгейде. Естеріңізге сала кетейік, «Көкше құс» сауда белгісімен шығарылатын «BLIC TERMINAL» кәсіпорны маусым айында «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталған болатын. Зеренді ауданында орналасқан құс фабрикасы 11 түрлі тауық өнімдерін дайындайды ![WhatsApp Image 2020-10-02 at 13.25.06.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/76a/737/5f776a7378aef000409077.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-02 at 13.25.05 (1).jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/76a/7b4/5f776a7b425b2895695674.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-02 at 13.25.05 (2).jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/76a/878/5f776a878b3c1560729060.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-02 at 13.25.06.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/76a/99c/5f776a99ce33e132991339.jpeg)

Бөлісу: