Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

19 қыркүйек 2023

201

Жаңалықтар

«КОМПОТ» АСХАНАСЫ СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ

Петропавл қаласындағы «Компот» асханасы сертификат мерзімінің аяқталуына байланысты қайта жаңарту жұмыстарын жүргізді.

Жергілікті маман Мақсат Аманжолов пен технологтардың бірлескен жұмысының нәтижесінде аталған тамақтану орнында аудит шаралары орындалып, халал талаптарына сәйкестігі тексерілді. Тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткеннен кейін №000609/1-ші «QMDB HALAL» сертификаты табысталды.

«Компот» асханасына берілген халал сертификаты 28.08.2023-27.08.2024 мерзімі аралығында жарамды. Дәмхана мекен-жайы: Петропавл қаласы, Аманкелді көшесі, 150.


Бөлісу: