Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

08 қазан 2022

98

Жаңалықтар

Күркетауық зауыты тексерілді

Еліміздегі ең ірі күркетауық етін өндіруші фабрикалардың бірі —«Turkey PVL» кәсіпорны тексерілді. Павлодар облысындағы кәсіпорында аудит шарасын жүргізуге «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы,  бас сарапшы технолог Жанарт Мұратқызы және жергілікті бақылаушы мамандар қатысты. 

«Күркетауық фабрикасы жылына 8000 мың тонна өнім өндіреді. Кәсіпорын өнімдері «Павлодарлық күркетауық»  (Индейка Павлодарская) сауда белігісмен танылған. Ең алғаш,  2020 жылы өз өнімдерінің алғашқы партиясын шығарған кәсіпорын,  бүгінде солтүстік аймақты,  еліміздің өзге де алыс-жақын өңірлерін күркетауық етімен қамтамассыз етуде. Аудит барысында комбикорм зауыты, инкубация, құс сою,  дайын өнімді өңдеу алаңдарының жұмысы қадағаланды. Тексеріс барысында,  дайын өнімдерінің сапасы мен тазалығы жоғары бағаланды. Замануи өнім қаптамалары дайын өнімдерді 14 тәулік ешқандай консервантсыз сақтауға мүмкіндік береді. Мамандардың толыққанды тексерісі нәтижесінде,  бекітілген халал талаптарының өте жоғары дәреже орындалатынына көз жеткізілді»,  — дейді Айбек Асқарбекұлы. 


Бөлісу: