
"Леңгір балмұздақтары" тексерілді
***«Леңгір» балмұздақтары @lengerskoe.kz тағы да тексерілді.** Леңгір балмұздақтары - «ҚМДБ халал» сертификатына ие болған алғашқы балмұздақ өндірісі. ️Технолог және инспектор-контролер мамандармен тығыз байланыста жұмыстар жасалып, тағамдық қоспалары түгелдей зертханадан өткізілген болатын. Алайда, тұтынушылардан келіп түскен шағымдар негізінде мамандарымыз «Леңгір балмұздақтарының» @lengerskoe.kz сыртқы қаптамасында шариғат бойынша тиым салынған «Кармин» қоспасының жазылғандығын анықтады. «Балмұздақ» кәсіпорны бұл жағдайдың қаптама дайындау барысында жіберілген техникалық қателік екенін мәлімдеді. Бүгін «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы @aibekaskarbekuly , бас технолог Айжан Омарова @aizhan_omar89 , инспектор-контролер Сарыбаев Қазыбек «Леңгір балмұздағы» кәсіпорнында тексеріс жұмысын жүргізіп, кармин қоспасының өндірісте қолданылмайтындығына көз жеткізді. Балмұздақ қаптамаларында кеткен техникалық қателікті түзету үшін 1 қыркүйекке шектеулі мерзім берілді.*   