Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

04 тамыз 2022

87

Жаңалықтар

«Литовский хлеб» наубайханасы тексерілді

Алматы қаласында орналасқан заманауи кәсіпорындардың бірі – «Литовский хлеб» наубайханасында айлық тексеріс жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын жергілікті технолог Әселхан Сыдық орындады. 

«Литовский хлеб» наубайхана өнеркәсібінің негізгі шикізаты – түрлі сұрыпты бидай ұны, артезиан суы және де қосымша шикізат көздері. «Литовский хлеб» наубайханалық дайын өнімдері сатылымға шығар алдын бірнеше сатылы тексерістен өткізіледі. Себебі, наубайхана өндірісінің маңызды кезеңдерінің бірі – өндірістің белгіленген нормаларын сақтай отырып, сапалы, әрі, халал нан өнімдерін өндіру. Осыған орай, наубайхананың өндіріс аймағында шағын лаборотория орналасқан. Аудит барысында, «Литовский хлеб» нан өнімдерінің шариғат және халал стандарты талаптарына толықтай сай екендігіне көз жеткізілді», – деп хабарлайды Әселхан Сыдық.


Бөлісу: