Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

30 қаңтар 2024

84

Жаңалықтар

ҰЛЫТАУ ОБЛ.: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР

«Халал – шариғат талабы» семинар апталығы аясында Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешіті жамағатына уағыз-насихат өткізілді. Облыстағы халалдың жауапты өкілі Дархан Даярбекұлы қатысушыларға шариғаттағы халалдың орны мен маңызын түсіндірді.

«Халал – сіз бен бізге Алла тарапынан рұқсат етілген нәрселер болса, харам тыйымдар шеңбері. Харамнан тыйылып қашық болу, халалға асық болу – әрбіріміздің міндетіміз. Сондықтан да, еліміздегі күллі мұсылманның халал ас тұтынуы үшін «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымы құрылды», – деген маманымыз халал жөнінде кеңінін баяндап, сертификатталған өнімдерді тұтынудың маңызын түсіндірді.

Бөлісу: