"Майқұдық жұмыртқалары" сертификатталды
Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Доскей ауылында орналасқан жұмыртқа өндірісі халал сертификатын иеленді.
Мекемеге қасиетті жұма күні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облыс наиб имамы Құмар Қоныскерей арнайы сертификатты табыстады. "Халал Даму" мекемесінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш мекеме 3:2016 "Халал" өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қоятын жалпы талаптар стандартына сай екендігін анықтады.