Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

17 қаңтар 2021

46

Жаңалықтар

"Maki Maki" дәмханасына тексеріс жүргізілді

**Жақында ғана «ҚМДБ халал» логотипін заңсыз пайдаланды деп жарияланған кәсіпорынның бірі «Maki Maki» фаст-фуд өнімдері еді. Алматы қаласындағы «Maki-Makiге» берілген «ҚМДБ халал» сертификатын қалған қалалардағы өкілдіктері заңсыз түрде қолданған болатын. Сол жарияланымнан кейін «Maki-maki» дәмханалары сертификат алуға өтініш білдірді.** Сертификаттаудан өткізу үшін «Халал Даму» мамандары «Maki-maki» дәмханасында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, күмәнді деп танылған өнімдер лабораториялық тексеріске жіберіліп, рұқсат етілмеген азық-түліктер қолданыстан шығарылды. Тексеріс барысында «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарын сақтау және санитарлық тазалықтың қадағалануы назарға алынды. Сертификаттау процессі әлі де аяқталмағандығын ескерте отырып, «Халал Даму» технологтары мен «Maki maki» қызметкерлері бірлескен жұмыстар жүргізіп жатқандығын хабарлаймыз. ![WhatsApp Image 2021-01-17 at 22.07.51 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/461/5ce/6004615ce44b1431610132.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-01-17 at 22.07.52.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/461/682/600461682aee4116219754.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-01-17 at 22.07.52 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/461/b14/600461b1482aa575646120.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-01-17 at 22.07.54.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/461/bc1/600461bc16833161391529.jpeg)

Бөлісу: