«Maki Maki» мекемесі «ҚМДБ халал» сертификатын жаңартты
Жаңаөзен қаласындағы «Maki Maki» фаст-фуд өнімдері «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатын жаңартты.
Аталмыш тамақтану орнының халал стандарттарына сай қызмет ету ниетіне байланысты және арнайы тексерістерден кейін, «Халал Даму» ЖШС-нің Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Іздібай Бегенұлы мекеме басшылығына «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» стандарты бойынша арнайы құжатты табыс етті.
«Maki Maki» фаст-фуд өнімдеріне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 08.06.2022 – 07.06.2023. «Maki Maki» дәмханасының мекен-жайы: Жаңаөзен қаласы, Самал шағын ауданы, 37.