Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

16 желтоқсан 2020

197

Жаңалықтар

МАКИНСК ҚҰСФАБРИКАСЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

**Ақмола обылысы, Бұланды ауылында орналасқан «Макинск құсфабрикасында» ҚМДБ халал стандарты бойынша сертификаттау және стандарттау талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді.** Аудит жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, Ақмола облысы бойынша жауапты өкіл Науан Муаталов, ветернарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев өткізді. «Aitas» компаниясының ірі жобаларының бірі – «Макинск құсфабрикасы» 2018 жылы өз жұмысын бастады. Кәсіпорын жылына 25 000 тонна құс етін өңдейді. Макинск құс фабрикасында инкубатор, он екі құс қорасы, төрт бройлер учаскесі, құс етін қайта өңдеу зауыты, компост алаңы, жем өндіретін цех секілді тоғыз өндіріс алаңы бар. Құстың жем-азығынан бастап, бауыздау процессінің шариғат және халал стандартқа сәйкестігі, құс етін өңдеу, өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау секілді барлық талаптардың "ҚМДБ халал" стандарт талаптарына сай болуы ескерілді. Аудит соңында құсфабрикасы қызметкерлеріне оқу-семинар өткізілді. Сертификаттау және стандарттау жұмыстары әлі де аяқталмағындығын, «ҚМДБ халал» сертификаты сәйкестендіру нәтижелері толықтай аяқталғаннан кейін ғана табысталатынын ескертеміз. ![WhatsApp Image 2020-12-14 at 16.47.56.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fd/8c2/89c/5fd8c289cfc71568450541.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-12-14 at 16.47.56 (2).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fd/8c2/924/5fd8c2924aefc055424327.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-12-14 at 16.47.56 (3).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fd/8c2/a7e/5fd8c2a7e36a4079129168.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-12-14 at 16.47.56 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fd/8c2/a93/5fd8c2a939d62837338788.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-12-14 at 16.47.56 (4).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fd/8c2/bf8/5fd8c2bf88cfa754016543.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-12-14 at 12.24.49.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fd/8c2/c28/5fd8c2c282cbc162855298.jpeg)

Бөлісу: