Малайзия мемлекетімен екіжақты келісімге қол қойылды
ҚМДБ «Халал Даму» мекемесі мен Малайзия Мемлекеті арасында саудаға, оның ішінде стандарттау, оқыту және ақпаратты басқару салаларындағы халал өнімдерге қатысты бірқатар келіссөздер жүргізілді.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес аталмыш кездесуге ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы мен «Халал Даму» мекемесінің басшысы Айбек Аташев, сондай-ақ Малазия мемлекетінен Премьер-министрінің дін істері жөніндегі орынбасары, Датук Ахмад Марзук Бин Шаари, Дато доктор, Сиражуддин Бин Сухайми, Қазақстан Республикасының Малазия елшілігінің елшісі Дато, Саид Бакир және т.б. қонақтар қатысты.
Екіжақты кездесуде күн тәртібіндегі мына мәселелер қарастырылды.
- Қазақстан Республикасы мен Малайзия Мемлекеті арасындағы Халал өнімдеріне екіжақты саудаға, оның ішінде стандарттау, оқыту және ақпаратты басқару салаларындағы Халал өнімдерге қатысты көмек көрсету.
- ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» мекемесінің JAKIM-де аккредиттеу органынан 2018 жылы қазан айында алған өзара тану туралы құжатын жаңарту мәселесі.
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» ЖШС және Джабатан Кемаджуан Ислам Малайзия Малайзияның Исламдық даму департаменті ЈАKIM арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға келісу.
Нәтижесінде «Халал Даму» және «Джабатан Кемаджуан Ислам Малайзия» Исламдық даму департаменті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.