Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

08 қазан 2020

32

Жаңалықтар

Мамандар елордалық супермаркеттерді тексерді

«Халал Даму» мамандары мен Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті өкілдері «Kең Mart» & «Magnum» супермаркеттерінде ревизорлық жұмыстар жүргізді. Бақылау-қадағалау шараларының басты мақсаты - сауда орындарында «ҚМДБ халал» өнімдерді сатуға қойылатын стандарт талаптарының сақталуын қадағалау. «ҚМДБ халал» таңбасын заңсыз пайдаланушылардың бар-жоқтығын анықтау. «Magnum» супермаркетінде тұтынушыларға арнайы «ҚМДБ халал» шұжықтар витринасы жасалынып, өнімдер халал стандарт талаптарына сай орналастырылған. Тексеріс кезінде халық жиі тұтынатын «ҚМДБ халал» шұжық, тауық еті, жұмыртқа, ірімшік, сүт, май секілді өнімдердің стандартқа сәйкес орналастырылуы мен сатылуы қадағаланды. "ҚМДБ халал" таңбасын заңсыз пайдаланған кәсіпорын өнімдері анықталмады. «Magnum» & «Кең mart» супермаркеттерінде жүргізілген бақылау-қадағалау жұмыстары тек қана «ҚМДБ халал» сертификатына ие өнімдер мен халал таңбасын заңсыз пайдаланушыларға қатысты орындалғандығын ескертеміз. Аталған сауда орындардағы «ҚМДБ халал» таңбасынан өзге «халал» белгілерімен сатылатын өнімдердің халалдығына жауап бермейтіндігімізді ескертеміз!

Бөлісу: