Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

11 қыркүйек 2020

28

Жаңалықтар

Мамандар "Курочка Ряба" құс фабрикасында

***«ҚМДБ халал» сертификатына ие болған еліміздің солтүстік өңіріндегі ірі құс фабрикалардың бірі – «Курочка Ряба».** Ақмола облысы, Ақмол ауылында орналасқан «Сapital Projects LTD» кәсіпорнына қарасты «Курочка Рябада» @kurochka_ryaba.kz @kurochka_ryaba.kz @kurochka_ryaba.kz құс фабрикасында кезекті аудит жұмыстары жүргізілді. ️ «ҚМДБ халал» сертификатын жаңарту барысында өткізілген бақылау-қадағалау шараларына «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, бас технолог Айжан Омарова, ветеринария ісінің маманы Сафиев Данияр қатысты. Тексеріс кезінде кәсіпорынның құс азығын дайындайтын орны, қасапханасы және шұжық цехы жұмысының халал стандарт талаптарын сақтауы қадағаланды. Дайын өнімді тасымалдауға дейінгі барлық процесс жеке-жеке қарастырылып, анықталған кейбір ескертулерге түзету шараларын жүргізуді міндеттелді. «Курочка Ряба» құс фабрикасы тәулігіне 40 0000құс союға арналған қасапхана және жылына 20 0000 тонна құс етін өңдеуге арналған зауытпен қамтамасыз етілген.* ![WhatsApp Image 2020-10-03 at 21.26.30.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/89f/56d/5f789f56d40d3554076824.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-03 at 21.26.30 (1).jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/89f/60a/5f789f60a8fd9957958413.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-03 at 21.26.31.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/89f/744/5f789f74460e2338139131.jpeg)

Бөлісу: