Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 маусым 2021

95

Жаңалықтар

МАМАНДАР "ОРДАБАСЫ ҚҰС" КӘСІПОРНЫНДА

Оңтүстік өңірдегі іссапар барысында  "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев , жергілікті инспектор-контролер Сарыбаев Қазбек "Ордабасы құс" кәсіпорны өндірісімен танысып, сертификаттаудан өтуге келіссөздер жүргізуде. 

"Ордабасы құс" – елімізде баламасы жоқ, күркетауық еті және ет өнімдерін өндіретін бірегей кәсіпорын. Қазіргі таңда өндіріс орны жылына 10 мың тонна күркетауық етін өндіріп, 100 түрлі өнімді "Дәмді ет" және "Вкуснее мяса нет" сауда белгісімен шығарады. Кәсіпорын дайын өнімдерін көршілес Ресей мен Қырғызстанға экспорттайды. 2010 жылы өз жұмысын бастаған "Ордабасы құс" кәсіпорны технология, ветеринария және биоқауіпсіздік бойынша әлемдік стандарт талаптарына сай. Бүгін, "QMDB halal" стандарты бойынша сертификаттаудан өтуге келіссөздер жүргізілді. Келіссөз алдағы уақытта өз нәтижесін береді деп сенеміз", – деген Айбек Асқарбекұлы алғашқы ревизорлық бақылау шаралары мен екі жақты келіссөздің жоғары деңгейде өткендігін жеткізді. 

Бөлісу: