Мамандар "Өскемен май" зауытында
***«ҚМДБ халал» стандартына сай жұмыс жасайтын ірі өндіріс орындарының бірі - Өскемен май зауыты.** «Халал Даму» мамандары кезекті тексеріс барысында ірі май өндірісі орталығында болып, бақылау-қадағалау шараларын өткізді. «Өскемен май зауытының»: 1 «Заречное» 2 «Асқан» 3 «Алтын той» сауда белгілерімен шығарылатын сұйық май өнімдері «ҚМДБ халал» стандарты талаптарына сай өндіріледі. Аудит қорытындысы оң нәтижені көрсетті. Халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Санитарлық тазалық талаптары да толықтай сақталған.*