Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 қыркүйек 2020

92

Жаңалықтар

Маңғыстау: "Asia milk"сүт өнімдері сертификатталды

***Маңғыстау халқына өзінің тіл үйірер сүт өнімдерімен танымал «Asia milk» маркасы «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша «ҚМДБ халал» сертификатын алды.** Аталмыш іс-шараға ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы арнайы қатысып, халал өнім өндіруге ниеттенген мекеме басшыларына алғыс білдіре отырып: «Халал ас  бұл дініміздің ережелеріне сай өндірілген экологиялық таза өнім. Сол себепті, өз денсаулығына қамқорлықпен қарайтындар — мұсылман болсын, өзге дін өкілі болсын, халал сертификатталған өнімдерді қолдана алады деп есептеймін. Алла кәсіптеріңізге береке берсін», деді. «Халал Даму» Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Қобланов Іздібай алдағы уақытта бұл өнімдердің халал стандарттарына сай қызмет етуін қадағалайтын болады.* ![WhatsApp Image 2020-10-03 at 21.34.03.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/8a2/66d/5f78a266d65ae790441847.jpeg) ⠀

Бөлісу: