Маңғыстау: "Халал" мәселесі талқыланды
**Маңғыстау облысы «Бекет ата» орталық мешітінде өткен «7 жұмыс бағыты» қала және аудан имамдарының жиынында негізгі бағыттардың бірі – халал тақырыбы талқыланды. Өңірдегі халал индустриясының хал-ахуалына тоқталып, атқарылған және атқарылатын жұмыстарға баяндама жасалды.** «Халал Дамудың» Маңғыстау облысы бойынша жауапты өкілі Айтқожаев Мәжит өңірдегі сертификатталған кәсіпорындардың жалпы саны, бақылау-қадағалау шараларының жүргізілуі, сертификаттауға қойылатын негізгі талаптар, аудан-ауылдар бойынша «ҚМДБ халал» стандартына сай өндіріс орындарын көбейту мәселелеріне тоқталып, алдыңғы жылдармен салыстырғанда халал кәсіпорындар санының артқанын жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, өз өңіріңіз бойынша сертификаттаудан өткен кәсіпорындар тізімін www.halaldamu.kz сайтына кіріп, «іздеу» батырмасына тиісті сөзді жазу арқылы таба аласыздар! ![WhatsApp Image 2021-01-29 at 19.15.31.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/601/40b/137/60140b137cfa2804786916.jpeg)