Маңғыстау: "HFLY" фаст-фуд өнімдері сертификатталды
**Маңғыстау облысындағы "HFLY" қуырылған тауықтан жасалатын фаст-фуд өнімдері "ҚМДБ халал" стандарты бойынша сертификатталды.** Осыдан алдын "ҚМДБ халал" логотипін заңсыз пайдаланған кәсіпорын, бүгінгі күні ресми түрде сертификаттаудан өтіп, "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай деп танылды. Сертификаттаудан өткізу үшін "Халал даму" технологтары мен инспектор-контролер мамандары бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, өнімдер зертханалық тексерістен өткізілді. "HFLY" фаст-фуд өнімдеріне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 05.03.2021-04.03.2022 Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 32-шағын аудан, 15 үй ![WhatsApp Image 2021-03-17 at 16.14.34.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/605/1d6/f33/6051d6f33d654283353050.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-14 at 17.19.05.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/605/1d7/010/6051d70102cdd508455363.jpeg)