Маңғыстау облысында айлық тексеріс
**Маңғыстау облысындағы «ҚМДБ халал» сертификатына ие кәсіпорындарда айлық бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Аудит жұмыстарын жергілікті жауапты өкіл Айтқожаев Мәжіт өткізді.** Тексеріс барысында «Стамбул ет» дүкені, «Plove me» дәмханасы, «Yufka» жартылай фабрикат өнімдерін дайындаушы кәсіпорын, «Тұман-шах» құсфабрикасының өндіріс аймағы қадағаланып, «Берекет ет» дүкені мен «Cofee River» дәмханаларына жаңартылған сертификаттары табысталды. Қазіргі таңда, Маңғыстау облысы бойынша 12 кәсіпорын «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай жұмыс жасайды. ![WhatsApp Image 2020-11-11 at 18.46.23.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fb/344/b40/5fb344b40d88d765243256.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-11-11 at 18.41.56.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fb/344/df9/5fb344df914e7651450898.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-11-11 at 18.42.42.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fb/344/ead/5fb344eadd73a222845694.jpeg)