Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

26 желтоқсан 2020

127

Жаңалықтар

"Манты от Жанат" жартылай фабрикат өнімдері сертификатталды

**Ақтөбе қаласындағы «Манты от Жанат» жартылайфабрикат өнімдері «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.** Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан «Манты от Жанат» дәмханасына арнайы барып, кәсіпорын жұмысымен танысып, «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. «Бекбауова М.Ж» кәсіпорнына тиесілі «Манты от Жанат» сауда белгісімен шығарылатын мұздатылған жартылай дайын өнімдер «Мал бауздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды. Жергілікті өкіл Абдусаламов Жарасхан міндетті аудит жұмыстары мен оқу-семинар шараларын жүргізді. «Манты от Жанат» өнімдеріне берілген «ҚМДБ халал» сертификаты 09.12.2020- 08.12.2021 мерзімі аралығында жарамды. Ақтөбе қаласы, 12 шағын аудан, 16 үй мекен-жайынан халал әрі дәмді жартылайфабрикат «Манты от Жанат» өнімдерін таба аласыздар! ![WhatsApp Image 2020-12-26 at 17.53.19.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fe/724/ada/5fe724ada53d4833151661.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-12-26 at 17.27.02 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fe/723/b2c/5fe723b2c84aa588661052.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-12-26 at 17.27.03.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fe/723/ba1/5fe723ba1cc88883600428.jpeg)

Бөлісу: