Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 желтоқсан 2020

62

Жаңалықтар

МЕРЕКЕЛІК "ХАЛАЛ ДАМУ" ДИРЕКТОРЫ МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «әл-Фараби» залында өткен 2020 жылдың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған бірқатар Орталық аппарат қызметкерлері «ҚМДБ 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма қызметкерлерінің пандемия жағдайына қарамастан тындырымды жұмыс істеп, уағыз-насихат пен ағартушылық, қайырымдылық бағытында жемісті еңбек еткенін ерекше атап өтті. Мерекелік медаль Діни басқарманың бөлім меңгерушілеріне сондай-ақ "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлына да табысталды. ![WhatsApp Image 2020-12-11 at 23.58.46.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fd/461/91d/5fd46191d328f028453951.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-12-11 at 23.58.46 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fd/461/a50/5fd461a50fce4427767050.jpeg)

Бөлісу: