Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

14 қаңтар 2025

75

Жаңалықтар

АҚМОЛАДА АЙЛЫҚ АУДИТ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Мейіржан Бауыржанұлы, халалдың жергілікті өкіл Науан Муталов Ақмола облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит шараларын жүргізуде. Атап айтқанда, «Бижан» ет комбинаты, «Гормолзавод» және «Нәтиже» сүт фабрикалары тексерілді.

Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік процестері, пайдаланатын шикізаттары мен дайын өнімдерінің «QMDB Halal» стандартына сәйкестігі жан-жақты тексерілді. Сонымен қатар, өндіріс орындарының санитарлық жағдайы, қызметкерлердің халал талаптарын орындауы назарға алынды.

«Мұндай айлық тексерістердің басты мақсаты – халал сертификатына ие болған кәсіпорындардың өнімдерінің сапасын тұрақты түрде бақылап, тұтынушылардың сенімін нығайту. Аудит қорытындысы бойынша кәсіпорындарға қажетті ұсыныстар беріліп, стандарт талаптарын сақтау және одан әрі жетілдіру бойынша нұсқаулықтар ұсынылды», – дейді Айбек Асқарбекұлы.


Бөлісу: