"Мясной мир" шұжық цехы тексерілді
Жамбыл облысындағы "QMDB Halal" сертификатына ие "Мясной мир" шұжық цехында кезекті тексеріс жұмыстары жүргізілді. Ревизорлық бақылау шараларын "Халал Дамудың" жергілікті инспектор-контролер Нұрмаджан Миразизов пен технолог Аблайхан Кәріпбаев орындады.
"Халал Дамудан" сертификаттаудан өткен шұжық цехтарының басым көпшілігі Жамбыл облысында орналасқан. Өңірдегі өндірілген шұжық өнімдері Нұр-Сұлтан, Алматы секілді ірі мегаполистер мен алыс-жақын аудан, ауылдарға жолданады. Сапалы әрі халал шұжық ішкі сұранысты қамтып қана қоймай, шет елге де тасымалдануда. Қазіргі таңда біздің бақылауымызда 40-қа жуық шұжық цехы бар. Сол себепті, тұрақты түрде кезекті, кезектен тыс тексеріс шаралары жүргізіліп тұрады. Бүгінгі бақылау-қадағалау барысында өңірдегі шұжық цехы түгелдей дерлік тексеріліп, халал өнімдерді өндіру, өңдеу, тасымалдау және сатуда бекітілген халал стандарт талаптарының сақталуы қадағаланды. Сонымен қатар, санитарлық тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады" – деген мамандар тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткендігін жеткізді.